Кабо-Верде президенті Аргентинамен матч алдында күтпеген мәлімдеме жасады

Бүгін, 21:04 / Жамбыл Жайлау
ВВС

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңі жалғасып жатыр. 4 шілде күні 1/16 финалдың соңғы кездесулері өтеді. Сол матчтардың бірінде қазіргі әлем чемпионы Аргентина құрамасы турнирдің басты жаңалықтарының біріне айналған Кабо-Верде командасымен кездеседі, деп хабарлайды turkystan.kz.

FIFA рейтингінде 67-орында тұрған Кабо-Верде құрамасы биылғы әлем чемпионатында көпшілікті таңғалдырды. Мундиальға алғаш рет қатысып отырған «көк акулалар» әзірге бірде-бір рет жеңілген жоқ. Олар топтық кезеңде Испаниямен 0:0, Уругваймен 2:2 есебімен тең түсіп, соңғы турда Саудия Арабиясымен де ұпай бөлісті.

Тарихи ойын алдында Кабо-Верде президенті Жозе Мария Невеш ұлттық құрамасына қолдау білдіріп, Аргентинаға қарсы кездесуде сенсация жасауға болатынын айтты.

Оның сөзінше, Кабо-Верде әлем чемпионатына жай ғана қатысу үшін емес, өз тарихын жазу үшін келген.

«Біз бұл әлем чемпионатына өз тағдырымызды өз қолымызбен жазу үшін және қазіргі әлем чемпиондарымен кездесу үшін келдік. Сондықтан Мессидің командасына қарсы алаңға тек жеңіске деген үлкен талпыныспен шығамыз. Ойыншыларымызда 100% сенім мен үміт бар. Олар алаңда барын салады. Біздің Аргентинаны жеңуге толық мүмкіндігіміз бар. Мұндай мықты қарсыластармен ойында кез келген нәтиже тіркелуі мүмкін. Бірақ матч қалай аяқталса да, біз тек жеңіс үшін ойнаймыз. Меніңше, біз Аргентинаны 1:0 есебімен ұта аламыз», – деді Жозе Мария Невеш.

Аргентина мен Кабо-Верде арасындағы кездесу 4 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 03:00-де басталады.

Матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Тэгтер:

Футбол Аргентина