Солтүстік Қазақстан облысында 13 жастағы қызды қорлаған ер адам ұсталды. Оқиға 1 шілде күні кешкісін Айыртау ауданында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кәмелетке толмаған қыз бала дүкеннен шыққан. 40 жастағы ер адам оны «мотоцикл тепкізем» деп алдап, ауыл сыртына алып кетіп, қорлаған.
Мектеп оқушысы тек таңғы бестің кезінде табылған.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде Айыртау ауданының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр. Тергеу СҚО Полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.