Астана – Петропавл тасжолында апат болып, бір адам қаза тапты

Бүгін, 17:34 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Астана – Петропавл тасжолында адам өліміне әкелген жол апаты болды. Бір әйел қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тасжолда Changan және Hyundai автокөліктері соқтығысқан. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция демалыс күндері автожолдардағы көлік қозғалысы айтарлықтай артатынын еске салды. Ал жаңбырлы ауа райында жол жабыны тайғақ болып, көліктің тежеу жолы ұзартып, көліктің сырғып кету қаупін күшейтеді.

Қолайсыз ауа райы кезінде автожолдың кейбір учаскелерінде ұсынылатын жылдамдық шегі сағатына 50 шақырымға дейін төмендетіледі. Бұл туралы жүргізушілерге тиісті жол белгілері арқылы ескертіледі.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді белгіленген жылдамдық режимін сақтауға, қауіпсіз арақашықтықты ұстануға, күрт маневр жасаудан және кенет тежелуден аулақ болуға, сондай-ақ қозғалыс жылдамдығын жол жағдайы мен ауа райына қарай таңдауға шақырды.

Тэгтер:

Автокөлік Петропавл автожол тасжол