Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Бүгін, 12:16 / Алуа Арман
olympic.kz

Таиландтың Бангкок қаласында үстел теннисінен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан құрамасының атынан U19 жас санатында сынға түскен Алан Құрманғалиев ширек финалға жолдама алды.

Отандасымыз 1/8 финалда Чэн Минсюйден (Қытайлық Тайбэй) 4:3 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Алан Құрманғалиевтің ширек финалдағы қарсыласы қытайлық Ли Хэчэнь болмақ.

Тэгтер:

Азия чемпионаты үстел теннисі ширек финал Алан Құрманғалиев