«Жарасымды жұп»: Желіде Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың қарым-қатынасы тағы қызу талқыланып жатыр

Бүгін, 08:22 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Актриса Дариға Бадықова Instagram желісіндегі парақшасында актер Олжас Абаймен бірге түскен суретін жариялап, көпті ойландырып қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі өрт сөндірушілердің арнайы киімін киіп түскен фотосымен бөлісіп, оған: «Жизнь романтично деді» деген қысқа жазба қалдырған.

Желі қолданушылары жарияланымға жылы пікірлерін жаудырып, екеуінің жарасымды жұп екенін жазған.

«Сіздерге қарап, махаббатқа қайтадан сенгің келеді. Бір-біріңізге деген сезімдеріңіз көздеріңізден-ақ көрініп тұр. Неткен жарасымды жұп!», «Махаббат экранның ар жағынан-ақ сезіледі», «Керемет жарасасыздар» деген пікірлер қалдырған.

Айта кетейік, соңғы уақытта әлеуметтік желіде Дариға Бадықова мен актер Олжас Абайдың көңіл жарастырғаны туралы қауесеттер жиі талқыланып жүр.