12 жастағы қызының көзінше әйелін өлтірген зейнеткер 15 жылға сотталды

2 шілде, 2026 / Жамбыл Жайлау
pixabay.com

Атырауда әйелін пышақтап өлтірген зейнеткерге қатысты сот үкімі шықты. 63 жастағы ер адам 58 жастағы жұбайын өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қылмыстық іске қатысты деректерге сүйенсек, қайғылы оқиғаға ішімдік пен қызғаныш себеп болған. Отбасындағы кезекті жанжалдан кейін әйел 12 жастағы қызының бөлмесіне барып жатқан. Алайда түнгі сағат екі шамасында мас күйдегі күйеуі қолына пышақ алып, әйеліне шабуыл жасаған.

Ер адам қызының көзінше жұбайына бірнеше рет пышақ сұққан. Баласы тоқтатуға тырысқанымен, ол әрекетін тоқтатпаған. Ауыр жарақат алған әйел оқиға орнында көз жұмды.

Марқұм Атыраудағы мектептердің бірінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген.

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Сот шешімімен ол алдағы 15 жылын бас бостандығынан айыру мекемесінде өткізеді.

Тэгтер:

Атырау