Алматыда баланы жерге алып ұрған ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)

2 шілде, 2026 / Жамбыл Жайлау
shutterstock.com

Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің аумағында балаға күш қолданған ер адам ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға балалар алаңында болған. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда ер адамның балаларға жақындап келіп, олардың бірін қатты итеріп жібергені көрінеді. Соның салдарынан бала дене жарақатын алған.

Полиция мәліметінше, күдікті сол тұрғын үй кешенінің тұрғыны болып шыққан. Алдын ала дерек бойынша, оқиғаға балалардың ойын кезінде туындаған жанжал себеп болған. Осыдан кейін ер адам мәселені өз бетінше шешпек болған.

Қазіргі уақытта балаға дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

Алматы