"Жап-жаңа үйіміздің быт-шыты шықты": Мөлдір Әуелбекова қиын жағдайға тап болғанын айтты (ВИДЕО)

Бүгін, 20:02 / Жамбыл Жайлау
Sn.kz (видеодан скриншот)

Әнші Мөлдір Әуелбекова үйін су басып, күрделі жағдайға тап болғанын айтты. Өнер иесі су жаңа баспанасында қайтадан жөндеу жұмыстарын бастауға мәжбүр екенін жеткізді, деп turkystan.kz тілшісі Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Әншінің сөзінше, үйдің едені түгел су болып, паркеттер алынып тасталған. Сондай-ақ бөлмедегі жиһаздардың бәрі сыртқа шығарылған.

"Үйімді су басты. Еденнің бәрі су болды, паркеттердің бәрін алып тастадық. Жиһаздардың бәрін шығарып қойдық. Мынау менің жатын бөлмем еді. Енді бәрін қайтадан нөлден бастап жатырмын. Бәрін көтеріп тастаған. Маған енді бір жылы сөз айтып қойыңыздар", – деді Мөлдір Әуелбекова.

Өнер иесі оқырмандарынан қолдау сұрап, сабыр тілеп қоюды өтінді.

"Сабыр түбі – сары алтын" дейді ғой. Мөлдірге бүгін сабыр берсін деп тілеңіздер. Жап-жаңа үйіміздің осылай быт-шыты шықты. Қайырлысы, әр нәрсенің қайыры бар", – деді әнші.

Тэгтер:

әнші үй Мөлдір Әуелбекова