Түркістанда полиция қызметкері қаза тапты

Бүгін, 16:09 / Інжу Әлихан
sadenov_online

Түркістан қаласында полиция капитаны Бауыржан Қонысбеков қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Суыт хабарды Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлім етті.

«Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы полиция капитаны Бауыржан Қонысбековтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.

Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсетеді», – деді министр.