Алматыда мотоциклші жедел жәрдем көлігіне соғылып, көз жұмды

Бүгін, 12:37 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматы қаласындағы Райымбек даңғылында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, апат BRT-нің аяқталмаған жолағында болған. Жедел медициналық жәрдем көлігі арнайы жарық белгілерін (көк шамдарын) қосып келе жатқан.

Қатты соққының салдарынан мопед жедел жәрдем көлігінің астына кіріп кеткен. Ал мопед жүргізушісі алға ұшып шығып, жедел жәрдем көлігінің алдыңғы әйнегіне соғылған.

Алған жарақаттары өмірге аса қауіпті болып, жас жігіт оқиға орнында, қосымша жедел қызметтер келгенге дейін көз жұмды.

Тэгтер:

Жол апаты Алматы Жедел жәрдем апат мотоцикл