Орталық сайлау комиссиясының бірінші отырысында 23 тамызға тағайындалған ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
1 шілде Сайлауды тағайындау;
2 шілдеден 13 шілдедегі сағат 18.00-ге дейін Партиялық тізімдерді ұсыну;
23 шілдедегі сағат 18.00-ге дейін Партиялық тізімдерді тіркеу;
11 шілдеге дейін Аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарын, олардың орналасқан жерлерін жариялау;
16 шілдеге дейін СК құрамдарын, сайлау учаскелерінің шекаралары және сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін жариялау;
23 шілдедегі сағат 18.01-ден бастап - 22 тамыздағы сағат 00.00-ге дейін Сайлау алдындағы үгіт;
2 тамыз Учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша сайлаушылар тізімдерін ұсыну;
7 тамыздан бастап Сайлаушыларды сайлаушылар тізімдеріндегі өздері туралы деректермен таныстыру;
22 тамыз – Тыныштық күні;
23 тамыз – Дауыс беру күні.