Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқан тұңғыш қызының жоғары оқу орнын тәмамдап, диплом алғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол бұл жетістіктің артында ана мен қыздың төзімі, көз жасы және үлкен еңбегі жатқанын айтып, қызына ақ тілегін арнады.
«Тұла бойым тұңғышым дипломын алды. Шүкір, осы күнге де жеттік.
Адемок, сен білесің, бұл диплом бір жапырақ қағаз боп тұрғанымен, оның артында екеуміздің сабырымыз, көз жасымыз, сенің үлкеен еңбегің бар. Көзіңдегі отың сөнбесін! Алла ғұмыр, денсаулық, күш-қуат берсін. Мен әр белесіңде жаныңнан табыламын. Саған сенемін.
Барлық ананың қуанышы баянды, қыздарының жолы ашық болсын!», – деді ол.