Қазақстандық аспаздар Қытайдағы байқауда күміс жүлде иеленді

Бүгін, 09:14 / Інжу Әлихан
24KZ

Қазақстандық аспаздар Қытайдың Циндао қаласында өткен «Асүй патшасы» халықаралық гастрономиялық байқауында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

24KZ арнасының ақпаратынша, байқауда олар ұлттық өнімдер мен дәстүрлі рецепттерді заманауи аспаздық тәсілдермен үйлестіріп, қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынды.

Жеңімпаздар кәсіби қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды. Қазақстан құрамасы ШЫҰ елдері арасындағы үздік нәтижелердің бірін көрсетті.

Қазылар алқасы қазақ тағамдарының жоғары сапасын, ерекше безендірілуін және ұлттық дәстүрдің сақталуын жоғары бағалады.