Степногорскіде жоғалып кеткен 13 жастағы қыз қала сыртынан табылды

1 шілде, 2026 / Жамбыл Жайлау
Edward Berthelot/Getty Images

Степногорскіде кешке үйінен шығып, байланысқа шықпай қалған 13 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Степногорскіде полицейлер 30 маусым күні кешке үйінен шығып кетіп, телефон қоңырауларына жауап бермей қойған 13 жастағы қызды іздестірді. Жасөспірім таңға жуық қала сыртынан табылды.

ІІМ-нің ақпараттық медиапорталында хабарланғандай, кешкі уақытта полицияға қыздың алаңдаған анасы жүгінген. Ол қызының жоғалып кеткенін айтып, іздеуге көмектесуді сұраған.

Хабар түскеннен кейін полиция қызметкерлері бірден іздестіру жұмыстарына кіріскен. Іздеу тобының құрамында учаскелік инспектор Әділ Кутушев те болған. Ол қыздың анасымен бірге жасөспірім жүруі мүмкін бағыттарды тексеріп, қараңғы түскеннен кейін де іздеуді тоқтатпаған.

Полицей қала сыртындағы техникалық нысандар орналасқан аумаққа және ашық далаға ерекше назар аударған. Polisia.kz мәліметінше, іздеу жұмыстары түні бойы жалғасқан.

"Іздеу тек таңға жақын аяқталды. Сағат шамамен 4:30-да қыз бала дала аумағынан табылды. Белгілі болғандай, жасөспірім қараңғыда бағытынан адасып, үйге қайтар жолды өздігінен таба алмаған", – делінген хабарламада.