27 маусым күні кешкісін Ақтөбе – Хромтау тас жолында жеңіл автокөлік аударылып, салдарынан 19 жастағы қыз көз жұмды. Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жол апаты болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Оқиға 27 маусым күні сағат 22:30 шамасында Ақтөбе – Хромтау тас жолында болған.
Жеңіл автокөлік аударылып түскен. Салдарынан 19 жастағы жолаушы қыз оқиға орнында қаза тапты. Ал жүргізуші аман қалған.
«27 маусым күні Хромтау ауданында болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Автокөлік жүргізушісі қамауға алынды», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.