Президент Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерге өзгерістер енгізетін заңға қол қойды

Бүгін, 16:13 / Інжу Әлихан
Ақорда

Мемлекет басшысы Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерге өзгерістер енгізетін заңға қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген хабарламада.