Мемлекет басшысы Руанда Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін, 15:48 / Алуа Арман
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаме мен оның отандастарын Руанда Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Президент жеделхатында Руанда Республикасы Қазақстанның Африкадағы сенімді серіктесі саналатынын атап өтті. Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаменің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Руанда халқына құт-береке тіледі.

Тэгтер:

құттықтау жеделхат Руанда