Тоқаев халықаралық гимнастика федерацияларының басшыларын марапаттады

Бүгін, 14:10 / Інжу Әлихан
Ақорда

Мемлекет басшысы халықаралық гимнастика федерацияларының басшыларын «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Қазақстанда және әлемде гимнастика спортын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Халықаралық гимнастика федерациясының президенті Моринари Ватанабэні I дәрежелі «Достық» орденімен, ал Азия гимнастикалық одағының президенті Абдулрахман Әл-Шатриді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады», – делінген хабарламада.