Ақтаулық өнерпаздар Грузиядағы байқауда бас жүлде иеленді

Бүгін, 10:44 / Інжу Әлихан
Маңғыстау облысы ҚКО

Абай атындағы мәдени-демаоыс кешенінің «Колибри» арт-студиясы Грузияның Кобулети қаласында өткен халықаралық шығармашылық фестивальде жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанның намысын абыроймен қорғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, байқауда өнерпаздар түрлі елден келген мықты ұжымдармен бақ сынасып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

«Колибри» арт-студиясының тәрбиеленушілері өздерінің кәсібилігі мен ерекше артистизмі арқылы байқаудың бас жүлдесі – гран-приді қанжығаларына байлады.

Байқау нәтижелері бойынша қатысушылар келесідей жетістіктерге жетті.

Жоғарғы жас санаты бойынша Гран-при: «Барыня», «Репка», «Нәзіктік» билері, сондай-ақ жеке орындаушылар: Хамзина Мерьям, Мамедова Эвелина, Нагим Аружан және Қоныратбай Енлик.

1-орынды Арестова Александра, «Қуартет» (Дауренқызы Мадина, Серікбол Айлин, Құрман Азиза, Сүлейман Аянат) және «Аққу» би ансамблі алды

Орташа жас санаты Гран-при: «Нежность» эстрадалық биі, Алиса Мезенцева («Аққу» жеке биі) және Мәриям Дауқараева («Қай хуа» жеке биі). 1-орынды «Қызғалдақтар» биі алды.

Сонымен қатар «Гранд» би мектебі де жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, Гран-при: Күшімова Амира (соло) және «Домбыра» қазақ биі. Ал 1-орынды «Заманауи би» бағытындағы өнері арқылы иеленді.