АҚШ-та жолаушылар ұшағы қону кезінде күтпеген жағдайға тап болды

30 маусым, 2026 / Жамбыл Жайлау
pexels.com

АҚШ-та жолаушылар ұшағы қону кезінде ұшқышсыз ұшу аппаратымен соқтығысты. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп turkystan.kz тілшісі АҚШ-тың азаматтық авиация басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға туралы АҚШ Федералдық авиация басқармасы (FAA) Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Инцидент 29 маусым күні Нью-Йорк әуежайында JetBlue әуе компаниясының ұшағымен болған.

"948-рейстің ұшқышы Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайға қонуға бет алған кезде шамамен 3 мың фут, яғни 910 метр биіктікте дронмен соқтығысқанын хабарлады", – делінген басқарма мәліметінде.

FAA дерегінше, ұшудан кейінгі тексеріс барысында әуе кемесінен ешқандай зақым анықталмаған. Соған қарамастан ведомство оқиғаға байланысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

Тэгтер:

Ұшақ