Енді кей елдерде жасөспірімдердің әлеуметтік желі қолдануына шектеу қойылмақ

Бүгін, 20:39 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Әзербайжанда кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желі пайдалануына қатысты жаңа талаптар енгізілмек. Елдің Милли Мәжілісі жасөспірімдердің интернеттегі қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

TRT мәліметінше, құжатта әлеуметтік желіде өз бетінше тіркелудің ең төменгі жасы 16 жас деп белгіленген. Ал 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер аккаунт ашып, оны пайдалану және контент жариялау үшін заңды өкілдерінің келісімімен әрі бақылауымен әрекет етуі тиіс.

Жаңа заң әлеуметтік желі платформаларына да қосымша міндет жүктейді. Платформа иелері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, зиянды контенттің таралуына жол бермеуі керек.

Сонымен қатар олар кәмелетке толмағандардың жеке деректерін қорғауға, қауіпті материалдарды уақытылы жоюға және мемлекеттік органдармен өзара байланыс орнатуға міндеттеледі.

Заңда жаңа талаптарды сақтамағандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Құжат күшіне енгеннен кейін әлеуметтік желі платформаларына жаңа ережелерге бейімделу үшін өтпелі кезең беріледі.

Тэгтер:

Әлеуметтік желі