Анасы ұзақ уақыт емізген емген сәбилерде ЗТГС белгілері сирек кездеседі – зерттеу

30 маусым, 2026 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Норвегия ғалымдары алғашқы алты айында тек ана сүтімен қоректенген балаларда зейін тапшылығы мен гиперактивтілік синдромының (СДГВ) белгілері сирек кездесетінін анықтады. Зерттеу нәтижелері қыз балаларда бұл байланыс айқынырақ байқалғанын көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап.

Зерттеуді жүргізген Берген университеті мамандары 1999–2009 жылдары туған 37 мыңнан астам баланың деректерін талдаған. Ғалымдар балалардың үш, бес және сегіз жасындағы даму көрсеткіштерін оларды қаншалықты ұзақ емізгенімен салыстырған.

Нәтижесінде сәби алғашқы алты ай бойы тек ана сүтімен қоректенген сайын СДГБ белгілерінің деңгейі төменірек болатыны анықталды. Сонымен қатар кез келген мерзімде емізудің өзі де оң әсер бергенімен, ең жоғары нәтиже алты ай бойы толықтай ана сүтімен қоректенген балалар арасында байқалған.

Зерттеу авторларының бірі, психиатр Берит Скреттинг Сольбергтің айтуынша, СДГБ-ның дамуында тұқымқуалаушылық негізгі қауіп факторларының бірі болғанымен, оған қоршаған орта мен ерте жастағы тамақтану да ықпал етуі мүмкін.

Ғалымдардың түсіндіруінше, ана сүтінің құрамында ақуыздар, майлар, дәрумендер, пребиотиктер, пробиотиктер, иммундық компоненттер және мидың ерте дамуына әсер ететін басқа да биологиялық белсенді заттар бар. Бұл компоненттер баланың жүйке жүйесінің қалыптасуына оң ықпал етуі ықтимал.

Зерттеу барысында қыз балаларда емізудің қорғаныш әсері ұлдарға қарағанда айқынырақ болғаны байқалды.

Сонымен қатар мамандар бұл бақылау сипатындағы зерттеу екенін атап өтті. Сондықтан ана сүті мен СДГБ қаупінің төмендеуі арасындағы байланыстың нақты биологиялық механизмдерін анықтау үшін қосымша ғылыми зерттеулер қажет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ нәрестені туғаннан кейінгі алғашқы сағатта емізуді бастап, алғашқы алты айда тек ана сүтімен қоректендіруді ұсынады. Дегенмен кейбір әйелдер денсаулық жағдайына, жұмыс кестесіне немесе қолдаудың жеткіліксіздігіне байланысты бұл ұсынысты толық орындай алмайды. Мұндай жағдайда нәрестелерге арнайы сүт қоспаларын пайдалану ұсынылады.

Тэгтер:

ана сүті емізу