Бокстан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы, Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев жұмысына кедергі жасағысы келетіндерге ескерту жасап, жеке парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Сынбаймын ғой. Сындыра алмайсыңдар ғой! Ешқашан да байланыстарыңмен, телефонмен, провокациямен қорқыта алмайсыңдар! Мен жүрген жерде тек қана тәртіп, дисциплина, әділдік болады! Мен ештеңе сұраған емеспін, бар сұрарым – жұмыс істеуге кедергі бермеңдер! Маған кедергі жасау – қазақ боксына кедергі жасау! Менің интрига, провокацияға уақытым жоқ, алдымызда жауапты бәсеке тұр! Кейбіреулерге ескерту!», – делінген жазбада.
Еске сала кетейік, 3 шілдеде Қазақстанның жастар құрамалары Индонезияның Джакарта қаласында өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғамақ.