Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігі елордадағы ең сұранысқа ие қоғамдық көлік түрлерінің біріне айналды. Іске қосылған сәттен бастап бұл жүйені 3,1 миллионнан астам жолаушы пайдаланған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, Tarlan Astana қызметін күн сайын орта есеппен 70 мыңға жуық адам пайдаланады. Бұл көрсеткіштер жаңа көлік түріне елорда тұрғындары мен қонақтары арасында сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.
Қысқа уақыт ішінде жеңіл рельсті көлік жүйесі қаланың көлік инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналды. Жолаушылар бағыттардың қолайлылығын, жол жүру уақытының қысқарғанын және сапардың жайлылығын ерекше атап өтуде.
Елорда билігінің пікірінше, жобаның танымалдығы алдағы уақытта да арта түседі. Қазіргі таңда Tarlan Astana желісінің Қосшы қаласы бағыты бойынша екінші кезеңін іске асыру жұмыстары басталды.