Қазақстан мен Грузия мәдениет, туризм және цифрлық даму туралы меморандумдарға қол қойды

Бүгін, 20:27 / Дана Ізтілеуова
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Қазақстан Республикасы мен Грузия арасында Стратегиялық серіктестік орнату жөніндегі бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Екі елдің делегация мүшелері мынадай мемлекетаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Грузия Мәдениет министрлігі арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Грузия Экономика және орнықты даму министрлігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Грузия Экономика және орнықты даму министрлігі арасында туризм саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум.