Танымал әнші Жігер Ауыпбаев жеке өміріндегі қуанышты жаңалығын бөлісті. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіктісіне сөз салған сәтінен суреттер жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әнші жазбасында жүрегіндегі маңызды сұрақты қойғанын айтып, таңдауының келісім бергенін жеткізді.
"Көп адам өмір бойы өз адамын іздейді… Мен іздегенімді таптым. Бүгін жүрегімдегі ең маңызды сұрақты қойдым. Ол – "Иә" деді", – деп жазды Жігер Ауыпбаев.
Желі қолданушылары әншінің жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, жұпқа бақыт тіледі. Көпшілік өнер иесінің қуанышты сәтіне ортақтасып, пікір қалдырған.