Атырау облысының прокуратурасы жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың басты факторлары — заң талаптарын білмеу және дұрыс емес әрекеттер жасаудың қаупін түсінбеу.
Кейбір балалар жасаған іс-әрекеттерінің салдары қаншалықты ауыр екенін түсінбейді және жиі «оңай ақшаға» алданып, үшінші тұлғалардың ықпалымен қылмыс жасауға итермеленеді.
Тек осы жылдың өзінде өңір соттары кәмелетке толмағандарға қатысты 25 қылмыстық істі қарады, оның ішінде 19-ыбойынша айыптау үкімі шығарылды, ал 4 тұлға бас бостандығынан айыру орындарына сотталды.
2026 жылдың наурыз айында Атырау облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты екі жасөспірімді психотроптық заттарды сатып алғаны, тасымалдағаны және өткізгені үшін кінәлі деп таныды. Олардың бұл әрекеттерінің нәтижесі нақты бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соқты.
Жалпы заң бойынша, Қазақстанда қылмыстық жауаптылық 16 жастан басталады.
Алайда, ауыр қылмыстар үшін (соның ішінде ұрлық, тонау, бопсалау, ауырлататын мән-жайлар кезіндегі бұзақылық және есірткі қылмыстары) жасөспірімді 14 жастан бастап-ақ (ҚР ҚК 15-бабы) жауаптылыққа тартуға болады.
Прокуратура «синтетиканы» өткізу мен тарату (тіпті жасөспірім жай ғана «курьер» немесе «закладчик» болып жұмыс істеген күннің өзінде) ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жататынына ерекше назар аударады.
Мұндай әрекеттер үшін жаза мерзімдері ұзақ, ал кәмелетке толмаған жас бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуге кедергі болмайды.
Балалардың мінез-құлқын, араласатын ортасын және бос уақытын бақылау — ата-аналар үшін маңызды аспект.
Өз балаларыңыздың өміріне үнемі қызығушылық танытып, оларда күмәнді «қалта ақшасының» пайда болуына назар аударуды ұсынамыз.
Өңірдегі алдын алу және қадағалау шараларын прокуратура заңға қатаң сәйкестікте жалғастыратын болады.