Кеше, 28 маусымда еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 5 орман өрті тіркелді. Бұл туралы Экология министрлігі хабарлады.
Өңірлер бойынша:
• Ақмола облысы – 1 өрт;
• Алматы облысы – 1 өрт;
• «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты – 2 өрт;
• «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты – 1 өрт.
Өртті ерте анықтау жүйесі арқылы өрт ошақтары дер кезінде анықталып, жедел оқшауланды.
Орман күзеті қызметкерлері мен «Қазавиаорманқорғау» РМК мамандарының үйлесімді іс-қимылының арқасында өрттің таралуына жол берілмей, барлығы қысқа мерзімде толық сөндірілді.
Өрттің басым көпшілігінің шығу себебі найзағай разрядтары екені анықталды.
Өрт қауіпті кезеңде азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауға және еліміздің орман байлығына ұқыпты қарауға шақырамыз, - делінген хабарламада.