Яна Легкодимованы аса қатыгездікпен өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Алтынбек Катимов пен Ризуан Хайржанов «Қара бүркіт» колониясына этаппен жеткізілді.
Бұл туралы Kazinform агенттігінің тілшісіне Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.
«Аталған сотталғандар өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарға арналған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазаларын өтеп жатыр», – деп мәлімдеді ҚАЖК.
Бұған дейін Атырау облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандардың 19 сәуір күні таңертең этаппен жөнелтілгенін хабарлаған болатын.
Этаптау аяқталғаннан кейін олар өмір бойына сотталғандар ұсталатын «Қара бүркіт» арнайы мекемесіне жеткізілді.