«Жүкті болып тұрмысқа шыққан дегендерге айтарым»: Жігер Ауыпбаевтың әйелі үн қатты (ВИДЕО)

Бүгін, 11:53 / Нұрлан Әлинұр
Коллаж: turkystan.kz

Әнші Жігер Ауыпбаевтың өзінен 15 жас кіші жары Мумина әлеуметтік желідегі сынға жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол Instagram-парақшасында жазба жариялап, өзіне бағытталған пікірлерге қатысты ойын айтты.

«Адамның алдында ақталмаймын. Алланың алдында арым таза! “Жүкті болып тұрмысқа шыққан” деген секілді сөздерге бейжай қарайтын хейтерлеріме айтарым: Аллаға сансыз шүкір, ата-анамның берген тәрбиесін аяққа таптайтын арсыз жан емеспін. Ақыреттік амал дәптерлеріңізді қалай толтырсаңыздар да өздеріңіз білесіздер», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Мумина өздеріне шынайы бақыт тілеп жатқан жандарға алғысын білдірген.