48 миллион теңгенің жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

27 маусым, 2026 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Түркістан облысында прокурорлар кадастрлық құны 48 млн теңге болатын жер учаскелерін қайтарды. Бұл туралы өңір прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Талдау барысында прокурорлар игерілмеген, иесіз қалған немесе заңсыз берілген жалпы ауданы 59 гектар болатын 11 жер учаскесін анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде уәкілетті мемлекеттік орган сотқа талап арыз түсірді.

"Істерді сотта қарау нәтижесі бойынша жалпы ауданы 59 гектар, кадастрлық құны 48 миллион теңге болатын 11 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды", - деп хабарлады қадағалау органы.

Сот актілері заңды күшіне енді. Заңбұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.