Алматы тауларында жарақат алған турист эвакуацияланды

27 маусым, 2026 / Нұрлан Әлинұр
ТЖМ

Алматы облысы Қарасай ауданындағы «Қыздың көз жасы» сарқырамасы маңында теңіз деңгейінен шамамен 3100 метр биіктікте құтқарушылар жарақат алған туристі таудан түсірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тау соқпағымен төмен түсіп келе жатқан 1988 жылы туған әйел тайып құлап, құйымшақ тұсынан жарақат алған. Оқиға туралы хабар түскен соң Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары жедел түрде оқиға орнына жетті.

Құтқарушылар зардап шеккен тұрғынды арнайы зембілге жатқызып, оны Алмарасан автотұрағына дейін апарды. Әрі қарай жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, медициналық тексеруге жіберілді.

Сонымен қатар құтқарушылар тауда болған тағы екі әйелге көмек көрсетті. Оларға медициналық көмек қажет болмады.