Достарымен демалған: Қоянды су қоймасында ер адам көз жұмды

27 маусым, 2026 / Нұрлан Әлинұр
ТЖМ

Марқұмның денесін Астана қаласынан келген сүңгуірлер алып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 26 маусымда Ақмола облысының Целиноград ауданында болған. 

1987 жылы туған ер адам достарымен бірге демалып жүрген. Ол Қоянды су қоймасының тыйым салынған аймағында шомылған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам мас болған, - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев. 

Жүзу кезінде ер адам суға батып кеткен. Демалушылар оны таба алмады. Оның денесін Астана қаласынан келген сүңгуірлер алып шықты.