26 маусымда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Маңғыстау облысының «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының мүшелері қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іс-шара барысында қатысушылар Достық үйінің артқы аумағында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды жинау, аумақты ретке келтіру және абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысты.
Акцияның басты мақсаты – жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін насихаттау және қоғамды тазалықты сақтауға жұмылдыру болып табылады.
Сондай-ақ, іс-шара соңында жастар экологиялық мәдениетті кеңінен дәріптеу мақсатында арнайы челлендж ұйымдастырды. Челлендж эстафетасы «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында Жаңаөзен қаласының жастарына жолданды.
Мұндай бастамалар өңір тұрғындарының экологиялық сана-сезімін арттыруға, туған жердің тазалығын сақтауға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.