«Қазгидромет» РМК бүгін, 27 маусымда дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің барлық өңірінде ауа райының қолайсыз құбылыстары күтіледі.
Бірқатар облыстарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Солтүстік, батыс және шығыс өңірлерде желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Сонымен қатар оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда аптап ыстық сақталады. Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Абай, Павлодар және басқа да облыстарда ауа температурасы +35...+41 градусқа дейін көтеріледі.
Қатты ыстыққа байланысты көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтауға, дауыл кезінде алыс жолға шықпауға, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң ұстануға шақырады.