"Енді жасыратын ештеңе қалмады": Жігер Ауыпбаев өмірінде болып жатқан өзгерісті жария етті

26 маусым, 2026 / Жамбыл Жайлау

Белгілі әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі сүйіктісіне сөз салған сәтінен видео жариялап, бұл жазбаны көп ойланғаннан кейін бөлісуді ұйғарғанын айтты.

"Бұл видеоны жариялау туралы ұзақ ойландым. Бірақ енді жасыратын ештеңе қалмады", – деп жазды әнші.

Сонымен қатар Жігер Ауыпбаев болашақ жарына арнап жүрекжарды өлең жолдарын жариялады.

“Сендей сұлу болмайды екен маралым,
Нұрлы бақта өскен гүл.
Судан таза, сүттен аппақ адалым,
Құшағыма қош келдің!" – деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, оған бақыт тілеп, болашақ жары екеуіне жылы лебіздерін арнап жатыр.