Қазақстандық гимнаст қыздар 28 жылдан кейін Азия чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді

Бүгін, 20:36 / Жамбыл Жайлау
Спортты дамыту дирекциясы

Қытайдың Цуньи қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстанның жасөспірім қыздар құрамасы тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық гимнаст қыздар құрлық біріншілігінде қола медаль иеленді. Бұл – жасөспірімдер санатындағы ел құрамасының соңғы 28 жылдағы алғашқы ірі жетістігі. Бұған дейін Қазақстан дәл осындай нәтижеге 1998 жылы қол жеткізген болатын.

Азия чемпионатында ел намысын Ева Тациева, Илана Раздықова, Ульяна Пухова, Екатерина Лебедь және Саида Қасымжанова қорғады.

Командалық сында Қытай құрамасы 163.563 ұпай жинап, Азия чемпионы атанды. Жапония құрамасы 157.329 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Ал Қазақстан құрамасы 144.462 ұпай еншілеп, үздік үштікті түйіндеді.

Спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты 28 маусымда аяқталады.

Тэгтер:

Қытай