"Біздің әулеттегі үлкен қуаныш": Тоқтар Серік сүйінші хабарды айтты (ВИДЕО)

Бүгін, 20:03 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Белгілі әнші Тоқтар Серік әлеуметтік желідегі парақшасында әулеті үшін ерекше қуанышты күн болғанын жазды, деп turkystan.kz тілшісі kznews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесінің айтуынша, туған бауыры Жайықтың тұңғыш қызы Толайым Қадыр оқуын аяқтап, бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша диплом алған.

Әнші жас түлектің жетістігіне қуанып, оған жүрекжарды тілегін арнады.

"Бүгін біздің әулет үшін тағы бір жақсы қуаныш, тағы бір жақсы жаңалық. Туған бауырым Жайықтың тұңғыш қызы Толайым Қадыр болашақ бастауыш мұғалім мамандығын тәмамдап, қолына дипломын алды. Алтыным, сенің болашағыңнан үлкен үміт күтеміз. Құтты болсын. Алла жар болсын", – деп жазды Тоқтар Серік.

Желі қолданушылары да әншінің қуанышына ортақтасып, диплом алуымен құттықтады. Олар жас маманға алдағы еңбек жолында табыс пен сәттілік тіледі.

Тэгтер:

Тоқтар Серік