Қасым-Жомарт Тоқаев кешендегі үстел теннисі, бассейн, және жаттығу залдарын аралап көрді. Мұнда спорттың алты түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мемлекет басшысына өңірдегі спорт және туризм салаларының даму барысы жөнінде баяндалды. Сонымен қатар Президент облыстың танымал спортшыларымен әңгімелесті. Атлеттер отандық спортқа жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.