Павлодарда коммуналдық кәсіпорын қызметкерлеріне 21 млн теңге жалақы төлемеген

Бүгін, 17:27 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодар облысының Щербақты ауданының прокуратурасы коммуналдық кәсіпорынның 171 қызметкерінің еңбек құқықтарын қорғап, жалақы бойынша көп мөлшердегі берешектің өтелуін қамтамасыз етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Еңбек заңнамасының сақталуына жүргізілген мониторинг барысында прокурорлар «Қайнар» КМК қызметінде қызметкерлер алдында жалақы бойынша берешек қалыптасқанын анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кәсіпорын заң бұзушылықтарды жою шараларын қабылдады. Нәтижесінде прокуратураның ұсынуы негізінде қызметкерлерге жалпы сомасы 21,5 миллион теңгеден асатын жалақы берешегі төленді.

Осылайша, 171 азаматтың еңбегі үшін сыйақыны уақтылы алу жөніндегі конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, кінәлі лауазымды тұлға заңда белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тартылды.

Тэгтер:

жалақы Павлодар қызметкер жұмыскер кәсіпорын еңбекақы