Ақтауда жеңіл көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

Бүгін, 21:07 / Жамбыл Жайлау
Lada.kz

Ақтауда 20 жастағы мотоцикл жүргізушісі жол апатынан көз жұмды. Қайғылы оқиға 24 маусым күні болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Lada.kz мәліметінше, жол-көлік оқиғасы қаладағы шағын аудандар арасындағы жолда тіркелген.

Алдын ала ақпарат бойынша, "ВАЗ" маркалы жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша, жас мотоциклші оқиға орнында қаза тапты.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Тэгтер:

Ақтау