Белгілі әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың қызы Алау биыл мектеп бітіріп, түлектер кешіне қатысты, деп turkystan.kz тілшісі Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Қызының қуанышты сәтіне анасы Жұлдыз Әбдікәрімова да қатысқан. Актриса салтанатты кештен әсерлі бейнежазба жариялап, Instagram парақшасында қызына ақ тілегін арнады.
"Алауым мектеп бітірді. Менің кішкентай жұлдызым, өмір жолың әрдайым жарқын әрі бақытты болсын. Сен батыл, ерке, сүйкімді әрі сұлу жансың. Барлық асқақ армандарың орындалып, алдыңнан тек жақсылық жолықсын", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары жас түлекті құттықтап, алдағы өміріне сәттілік тіледі. Көпшілік Алаудың бойжетіп қалғанына таңданысын білдіріп, анасы мен қызының қуанышты сәтіне жылы пікір қалдырды.
Соңғы уақытта Жұлдыз Әбдікәрімова мен енесі Гүлзира Айдарбекованың қарым-қатынасына қатысты түрлі әңгімелер айтылып жүргені белгілі. Дегенмен продюсер бұл жолы да жарияланған видеоны жүрек белгісімен қолдап, немересінің қуанышына ортақ екенін байқатты.