Қостанай – Әулиекөл тасжолында автокөлік бұланмен соқтығысты

Бүгін, 17:47 / Алуа Арман
pixabay.com

Қостанай – Әулиекөл автожолында болған апат салдарынан бір адам жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияның алдын ала мәліметінше, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі Қостанай қаласынан шығып Әулиекөлге қарай келе жатқан. Жолдың 7-шақырымында тасжолға кенеттен бұлан шауып шыққан. Жүргізуші тежегіш басып үлгермеген.

Оқиға салдарынан бір адам жарақат алды. Жарақаттың сипаты мен ауырлық дәрежесі нақтылануда.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады Қостанай облысының полициясы.

Тексеру қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғасына қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Тэгтер:

Жол апаты Автокөлік Қостанай бұлан Әулиекөл