Мемлекет басшысы отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан бір топ БАҚ қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:
1. «Time kz» желілік басылымының бас редакторы – Руслан Фанилевич Бахтигареевке;
2. «Egemen Qazaqstan» газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі – Байқал Қайырлыұлы Байәділге;
3. «NewTimes kz» ақпарат агенттігінің фототілшісі – Әлібек Әбдубәкірұлы Ибраевқа;
4. «Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары – Қайрат Жанатұлы Мұсақұловқа берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:
1. «Baq kz» ақпарат агенттігінің аға тілшісі – Олжас Адайға;
2. «Хабар» агенттігі ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің редактор-сарапшысы – Ботагөз Бейсенбайқызы Айтжановаға;
3. контентмейкер, креативті индустрияны дамыту жобаларының авторы – Жазира Жомартқызы Байдалыға;
4. «Zakon kz» ақпарат агенттігінің тілшісі – Екатерина Алексеевна Елисееваға тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:
1. «Астана» телеарнасының шығармашылық ұжымына;
2. «Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық ұжымына;
3. «Жас Алаш» газетінің шығармашылық ұжымына;
4. «Abai kz» ақпараттық порталының шығармашылық ұжымына жарияланды.