Абай облысында абақтыға телефон алып кірмек болған сотталушының жазасы ауырлады

Бүгін, 14:48 / Алуа Арман
polisia.kz

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі төмен мекемесінде ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жүрген 40 жастағы сотталған телефонды тасымалдауға әрекет жасағаны үшін қауіпсіздігі мекемеде жазасын өтеу құқығынан айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жұмыстан қайтып келе жатып, сотталған мекеме аумағына телефон алып кіруге тырысты. Тыйым салынған затты мекеме қызметкерлері тексеру кезінде тапты.

Аталған факті бойынша материалдар сотқа жіберілді. Сот сотталғанның iс-әрекетiн жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзу деп таныды және жазасын ең төменгi қауiпсiздiк мекемесiнде өтеу 1 жыл 8 ай мерзiмге орташа қауiпсiздiк мекемесiнде жазасын өтеуге ауыстырылды.

- Белгіленген ережелерді сақтау барлық сотталғандар үшін міндетті болып табылады. Тыйым салынған заттарды алып өту әрекеттері ұстау режимін елеулі бұзу ретінде қарастырылады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны өтеу шарттарын қатаңдатуға дейін жауапкершілік қарастырылған, - деп атап өтті мекеменің жедел топ бастығы Елдар Искаков.

Тэгтер:

Түрме Абай облысы телефон абақты