Атырау қаласының маңындағы Тасқала ауылында бес жасар қыз бала каналға құлап, қайғылы жағдайда көз жұмды. Баланың мәйіті жақын маңдағы басқа каналдан табылған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл ақпаратты Атырау облыстық полиция департаменті растады. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 23 маусым күні сағат 17:00 шамасында болған. Туыстары қыз баланы бірнеше минутқа ғана көзден таса қалдырған.
Баланың денесі сол маңда орналасқан каналдан шамамен сағат 23:00-де табылды.
Полиция қызметкерлері ата-аналарды балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.