Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының жаңартылған бағамы жарияланды.
Kurs.kz дерегіне сәйкес, елордадағы айырбастау бекеттерінде АҚШ доллары 483 теңгеден сатып алынып, 490 теңгеден сатылып жатыр.
Еуроның сатып алу бағасы – 550 теңге, сату бағасы – 560 теңге. Ресей рублі 6,17 теңгеден қабылданып, 6,47 теңгеден сатылуда. Ал қытай юані 69,26–74,26 теңге аралығында саудалануда.
Алматы қаласындағы айырбастау орындарында доллардың сатып алу бағамы – 485,75 теңге, сату бағамы – 487,99 теңге.
Еуро 551,06 теңгеден сатып алынып, 556,69 теңгеден сатылып жатыр. Рубль бағамы 6,15–6,31 теңге аралығында қалыптасқан. Ал юань 71,70–74,19 теңге аралығында айырбасталуда.