American Airlines әуе компаниясының ұшағында төтенше жағдай болды. Филадельфия халықаралық әуежайына қонуға жақындаған сәтте жолаушылардың бірі жанында отырған адамды тістеп алған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Gazeta.ru басылымының Fox News-ке сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға экипаж бен диспетчерлер арасындағы радиобайланыс жазбасынан белгілі болған. Ұшқыш жолаушылардың бірі екіншісін тістеп, айналасындағы адамдармен жанжал шығаруға тырысқанын хабарлаған.
Осы жағдайдан кейін экипаж қонған бойда бортқа полиция мен медициналық қызметкерлерді шақыруды сұраған. Ұшқыштың айтуынша, жолаушының мұндай әрекетіне медициналық немесе психикалық жағдай себеп болуы мүмкін.
Ұшақ Филадельфия әуежайына сәтті қонғаннан кейін бортқа жедел қызмет өкілдері мен құқық қорғау органдары көтерілді.
Кейін әуе компаниясы жолаушының рейс кезінде "психологиялық дағдарыс" жағдайында болғанын растады.
American Airlines экипаж мүшелеріне және ұшу кезінде көмек көрсеткен медициналық қызметкерге алғыс білдірді.