"Алда үлкен той": Мөлдір Мұқан асыға күткен қуанышты хабарын жария етті

Бүгін, 20:14 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің жақын құрбысы Жазира Байырбекова Мөлдірдің шаңырағында бірден үш бірдей қуаныш қатар келгенін айтты.

"Мөлдірдің отбасында үлкен қуаныш. Бір баласы мектеп бітіріп жатыр, екіншісі жоғары оқу орнын тәмамдауда, ал үшіншісі сүндетке отырып, мектеп табалдырығын аттағалы тұр. Қандай бақытты ана!" – деді ол.

Мөлдір Мұқан да алда үлкен той болатынын айтып, дайындық жұмыстары басталып кеткенін жеткізді.

"Әр шаңырақта осындай қуаныш болсын! Қандай той болатынын әзірге құпия ұстап жүрген едім, бірақ Жазира айтып қойды. Тойға қатысты ұсыныстарыңызды қуана қабылдаймын", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, отбасына амандық пен қуаныш тіледі.

Тэгтер:

Мөлдір Мұқан