АҚШ президентінің мигранттарға арналған үшінші жарлығының күші де тоқтатылды

АҚШ президентінің мигранттарға арналған үшінші жарлығының күші де тоқтатылды

АҚШ президентінің мигранттарға арналған үшінші жарлығының күші де тоқтатылды
ашық дереккөзі
Сейсенбі күні Сан-Францисконың федералды соты АҚШ президенті Дональд Трамптың "заңсыз мигранттарды ұстап отырған қаланың кейбір бағдарламаларына мемлекеттен қаржыландыру тоқтатылады" деген жарғысының күшін тоқтатып тастады. Судья Уилльям Оррик шағымданушыларды қолдады. Өйткені президент жарлығы басқа да сот талқылауына Конституцияға қайшы деп танылуы мүмкін. Қазір бірнеше соттарда Дональд Трамп жарлығының заңдылығы қаралып жатыр. Онда жергілікті биліктен заңсыз мигранттардың тізімі жасалып, тұратын мекен-жайларын анықтау талап етілген. Көптеген ірі қалалар бұйрықты орындаудан бас тартып, жергілікті полицияға миграциялық қызметкерлермен жұмыс істеуге тыйым салып жатыр. Сот бұл мәселеде орталық және жергілікті биліктің өкілеттіктерін ашып көрсетуі тиіс. Қолданыстағы федералды заңда муниципалитет миграцилық қызметке тек мигранттардың мәртебесі жөнінде хабар беруге тиіс. Бұл АҚШ президентінің еліндегі миграцияны реттеуге байланысты үшінші бұйрығы. Жеті мұсылман мемлекетке Америкаға кіруге уақытша тыйым салуды көздейтін алғашқы екі жарлықтың күші де сот тарапынан тоқтатылған.